Тілім менің – Берік Алтынай Айбекқызы

Бұл бетте «Тілім менің» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған тіл туралы өлең берілген.

Өз тілім бар , өз дінім бар азатпын ,
Ұрпағының таза сөйлер қазақтың .
Тілім менің мақтанышым , ұраным ,
Аспанымда самғап ұшар қыраным !

Мен қазақпын ұлы дала иесі ,
Қазақ тілдің арта берсін үлесі.
Жалындаған жырлары мен нұрланып ,
Найзағайдай жарқырап тұр киесі.

Қазақтық рухқа заман дем беруде ,
Көп ұлттық бағдарлама өңделуде.
Енді елде тұратын барлық ұлттар ,
Қазақ тілін тиісті меңгеруге .


Пікірлер (1)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері