Үш бәйтерек бес арыс
- 0
- 1
Үңілдірсе тарихқа ой тереңі,
Есте сақтар қазақтың байтақ елі.
Ілияс,Сәкен және Бейімбет қой,
Қазағымның алып үш бәйтерегі.
Бұл бетте «Қанипа Омарғалиқызына» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үңілдірсе тарихқа ой тереңі,
Есте сақтар қазақтың байтақ елі.
Ілияс,Сәкен және Бейімбет қой,
Қазағымның алып үш бәйтерегі.
Елім бар қолына ,көк ту ұстаған,
Жақсы адамның бәрі де туыс маған.
Сілкіп тастап бойдан жат қасиетті,
Рухани жаңғыруға тиіс қоғам.
Сәулетті әсем қалам Қызылордам,
Сыйлаған мендей ақын ,қызына арман .
Көз жүгіртсем кешегі өткеніне ,
Сенде талай тарихтың жүгі қалған .
5 жасқа толды бүгін " Тіл сақшысы ",
Тілекші оған елімнің кіл жақсысы.
Бұл газетте келеді сыналумен ,
Келетіндер тіліме кір жаққысы .
Отанымның егемен кезі бүгін ,
Отан бүгін қолында өз ұлының.
Ел сыйлайды Елбасын ,себебі оның -
Тәуелсіздік -Елбасы -егіз ұғым !
Санамызға өзгеріс болсын , әр күн ,
Шын рухани жаңғыра алсын , әркім.
Көрінсек деп, 30 -ел биігінен ,
Енгіздік әліпбиге латын әрпін .
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.