Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (127)

Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.

Ілмектер: іс, қалдыру

Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына

Ілмектер: жақсы, іс

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Ілмектер: еңбек, іс, жігіт

Сөзі — аз,
Ісі — саз.

Ілмектер: сөз, іс

Ағайыныңды іске шақырма
Асқа шақыр.

Ілмектер: ағайын, іс, ас

Болар іс болды,
Бояуы сіңді.

Ілмектер: іс, өнер

Сөз — сабан, іс — дән.

Ілмектер: сөз, іс, тіл

Қыңыр істің қырық жылдан соң да
Қиығы шығар.

Ілмектер: іс

Іші тарлық — сараңның ісі,
Жалақорлық — жаманның ісі.

Ілмектер: сараң, жаман, іс

Ашумен басталған іс
Абыройсыз аяқталады.

Ілмектер: ашу, мінез-құлық, іс

Көп ақылды жиналса,
Қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса,
Оңай істі жітірер.

Ілмектер: іс, ақыл

Көңілсіз басталған іс
Көпке бармайды.

Ілмектер: іс, көңіл

Болған іске, болаттай бол.

Ілмектер: іс

Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба!

Ілмектер: Жапон даналығы, жапон мақалы, ойлану, іс

Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.

Ілмектер: іс, ер, ел

Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.

Ілмектер: жігіт, түс, іс

Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

Ілмектер: іс, кәрілік, ас, жас

Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.

Ілмектер: ел, жұрт, халық, іс

Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.

Ілмектер: іс, жігіт, ер, бақ

Болмас іске болаттай бол.

Ілмектер: іс, болат, ер, ерлік, батырлық