Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (30) Өлеңдер (57) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (2)

Кішкентай кісі де керемет түстер көреді.

Ілмектер: кісі, түс

Түлкі түсінде
Тауық көреді.

Ілмектер: түлкі, жануар, түс

Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.

Ілмектер: жақсы, түс

Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.

Ілмектер: жігіт, түс, іс

Туған жерің түсіңе кіреді.

Ілмектер: туған жер, түс, ел, халық

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Ілмектер: түс, іс, еңбек, нәсіп, кәсіп

Жалаңаш адам түс көрсе,
Жарты құлаш жарғақ көрер.

Ілмектер: түс, парсы мақалы

Түстік ғұмырың болса, кештік мал жи.

Ілмектер: ғұмыр, өмір, кеш, түс, мал

Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.

Ілмектер: батыр, балықшы, жау, түс

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, түс, іс, араб мақалы

Бір кесесі – ішімде,
Екіншісі – түсімде.

Ілмектер: кесе, түс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Түсіңде көрмегеніңді,
Мен өңімде көрдім.

Ілмектер: түс

Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақымақ, ақыл, түс

Әзілдеске түс айтпа.

Ілмектер: әзіл, түс

Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.

Ілмектер: бақыт, көктем, бұлт, құс, түс