Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (27)

Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.

Ілмектер: мал, ар, күлкі, ұйқы

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Ілмектер: бала, ұйқы, күлкі

Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.

Ілмектер: күлкі, денсаулық

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Ілмектер: күлкі, көңіл

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

Ілмектер: көңіл, күлкі

Көңілсізден күлкі шықпас.

Ілмектер: көңіл, күлкі

Көп күлкісі күнненде жылы.

Ілмектер: күлкі, көпшілік

Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.

Ілмектер: күлу, күлкі

Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.

Ілмектер: ашу, ит, күлкі, күшік

Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудыңұйқысы қанбас.

Ілмектер: дарақы, жалқау, ұйқы, күлкі

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Ілмектер: ар, күлкі, ұйқы, еңбек, жалқау, жалқаулық

Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.

Ілмектер: көңіл, күлкі

Жығылған сүрінгенге күледі.

Ілмектер: жығылу, сүріну, күлкі, күлу

Жыртық тесікке күледі.

Ілмектер: күлу, күлкі

Ит дегенге ашуланып,
Күшік десең күледі.

Ілмектер: ит, ашу, күлкі, күшік

Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

Ілмектер: жылау, күлкі

Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.

Ілмектер: дос, дұшпан, күлкі

Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?

Ілмектер: арыстан, түлкі, күлкі, парсы мақалы

Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.

Ілмектер: түлкі, күлкі, қырғыз мақалы

Күлкісін іріккен жаннан түңіл,
Шала бүріккен жауыннан түңіл.

Ілмектер: күлкі, жауын, түңілу, қырғыз мақалы

Пікірлер