"Көпшілік" туралы Мақал-мәтелдер
"Көпшілік" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Құдайға жазсаң жаз,—
Көпке жазба.
Ілмектер:
ел, көпшілік
Көп қараса, жоқ табылар.
Ілмектер:
көпшілік
Көптік қайда болса,
Тоқтық сонда болады.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Көптің ауызы —
Темір талқы.
Ілмектер:
көпшілік
Көптен қулық артылмас,
Көзді дария сарқылмас.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Көп ұнатса,
Көк тоқтыңды сойып бер.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Көп дәнекер
Көлді де бекітер.
Ілмектер:
көпшілік
Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
Ілмектер:
аз, көпшілік
Көбікті төкпе,
Көпті сөкпе.
Ілмектер:
көпшілік
Көштен бөлінсең де,
Көптен бөлінбе.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Көкті тіреуге болмайды,
Көпті мінеуге болмайды.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Көзсіз күнелтсең де,
Көпсіз күнелте алмайсың.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Көптің көзі көреген,
Көптің қолы береген.
Ілмектер:
көпшілік, ел
Жер шетіне жүйрік жетпейді.
Көпке бұйрық жетпейді.
Ілмектер:
жер, көпшілік
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі