Көптің ауызы — Темір талқы. Ілмектер: көпшілік Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көптің ауызы — Темір талқы.
Көптің қолы көкке жетеді. ел, көпшілік
Көп жүрген жер — көл, Құм жүрген жер — шөл. жер, көл
Көп күлкісі күннен де ыстық. көпшілік, ел
Көпке топырақ шашпа. ел, көпшілік
Құдайға жазсаң жаз,— Көпке жазба. ел, көпшілік
Көп қараса, жоқ табылар. көпшілік
Көптік қайда болса, Тоқтық сонда болады. көпшілік, ел
Көптен қулық артылмас, Көзді дария сарқылмас. көпшілік, ел
Көп ұнатса, Көк тоқтыңды сойып бер. көпшілік, ел
Көп дәнекер Көлді де бекітер. көпшілік
Аздың атасы бір, Көптің батасы бір. аз, көпшілік
Көптің құрығы ұзын. көпшілік
Көптен безген көгермес. көпшілік
Көбікті төкпе, Көпті сөкпе. көпшілік
Көп ауызы дуалы. көп, көпшілік
Көштен бөлінсең де, Көптен бөлінбе. көпшілік, ел
Мың ұрғанды жын ұрады. жын, көпшілік
Көкті тіреуге болмайды, Көпті мінеуге болмайды. көпшілік, ел
Көзсіз күнелтсең де, Көпсіз күнелте алмайсың. көпшілік, ел
Көптің көзі көреген, Көптің қолы береген. көпшілік, ел
Жер шетіне жүйрік жетпейді. Көпке бұйрық жетпейді. жер, көпшілік
Көп жүрген жер көңілді. жер, көпшілік
Көпке топырақ шашпас болар. көпшілік
Көпті алдаған, Көрінде өкіреді. алдау, көпшілік
Көп жүрген жер көңілді, Көптің ісі өнімді. көпшілік
Бұл бетте қандай мақал-мәтелдер бар?
көпшілік туралы мақал-мәтелдер берілген.
көпшілік туралы мақал-мәтелдер тағы бар ма?
көпшілік туралы басқа да мақал-мәтелдер бар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі