Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (57) Өлеңдер (18) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (60) Әзіл, анекдоттар (3)

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Ілмектер: білім, оқу

Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

Ілмектер: білім, оқу

Ұстаздан шәкірт озар.

Ілмектер: оқу, білім

Оқу инемен құдық қазғандай.

Ілмектер: оқу, қазақ мақалы

Оқу түбі тоқу.

Ілмектер: оқу

Ойнада күл,
Оқыда біл.

Ілмектер: оқу

Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім

Оқысаң, озарсың,
Оқымасаң, тозарсың.

Ілмектер: оқу

Білім көп орын алмайды.

Ілмектер: білім, оқу, Еврей мақалы

Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.

Ілмектер: оқу, хат

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Ілмектер: оқу

Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.

Ілмектер: оқу, жарық, шарық

Оқығанның көзі төртеу.

Ілмектер: оқу

Оқыған қара суды теріс ағызар,
Ошаққа қара тастан май тамызар.

Ілмектер: оқу, білім

Жалғыз шала жанбайды,
Шала оқыған оңбайды.

Ілмектер: оқу, білім

Азынаған аязда,
Шапаныңнан тон артық.
Шала оқыған сабаздан
Көпті түйген көне артық.

Ілмектер: оқу, білім

Сен оқысаң, мен тоқығам.

Ілмектер: оқу, еңбек

Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.

Ілмектер: тәрбие, оқу, білім

Әскерлік оқудан бейнет көрсең,
Ұрыста қиналмайсың.

Ілмектер: әскер, оқу, бейнет, ұрыс

Оқу – бiлiм азығы,
Бiлiм – ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім, ырыс

Пікірлер