Жағымпаз — жасқаншақ,
Ілмектер: жаман, мақтаншақ
Жаман — мақтаншақ.
Тартынып үзген шабанның ісі,
Ілмектер: кәсіп, іс, жаман
Өткізіп алған жаманның ісі.
Айтқызған жаманның ісі,
Ілмектер: жаман, іс
Қамшылатқан шабанның ісі.
Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Ілмектер: жаман, еріншек, кедей, жалқау, жалқаулық, жігіт
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.
Күрілдеп келген жаудан,
Ілмектер: жау, жаман, сақтық, қырағылық
Күлімдеп келген жау жаман.
Жаманға жалынғанша,
Ілмектер: жаман, ынсап, пейіл
Жат та жаныңды қарман.
Жын соқаннан, мың соққан жаман.
Ілмектер: жын, соққы, жаман, пейіл
Жаман төре жан алар.
Ілмектер: жаман, төре, пейіл, ынсап
Алыстағы дұшпаннан,
Ілмектер: дұшпан, дос, жаман
Аңдып жүрген дос жаман.
Пейілі жаманға пәле жолығады.
Ілмектер: пейіл, жаман, пәле
Аурудан әдет жаман.
Ілмектер: ауру, әдет, жаман
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Ілмектер: әйел, еркек, жақсы, жаман, отбасы, туыс, жанұя
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
Жаман шоқпар жинар.
Ілмектер: шоқпар, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жаман еркек той бұзар,
Ілмектер: жаман, еркек.әйел, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жаман әйел үй бұзар.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Ілмектер: дау, жау, қатын, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жаман қатын алғанның жау үйінде.
Жаман ат қамшыласаң өрге шаппас,
Ілмектер: жақсы, жаман, ат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жақсының жаман адам бабын таппас.
Жақсыдан тиер шапағат,
Ілмектер: жақсы, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жаманнан тиер кесапат.
Жақсы - текшіл,
Ілмектер: кек, жақсы, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жаман - кекшіл.
Жаман адамды жасауыл қойсаң, үстіңе жау келтірер.
Ілмектер: жаман, жау, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жақсы да жаттық жоқ,
Ілмектер: жақсы, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Жаман да жақындық жоқ.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі