Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (440) Ұлағатты сөздер (234) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.

Ілмектер: ақыл, бас, көз, сөз

Аталы сөзге арсыз таласады.

Ілмектер: ата, сөз, ар, арсыз

Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.

Ілмектер: арғымақ, асыл, сөз, жігіт

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Ілмектер: көз, сөз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Ілмектер: адам, сөз, мал, шөп

Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.

Ілмектер: сөз

Ойын сөзге шын төре.

Ілмектер: ойын, сөз, шын

Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.

Ілмектер: кәрілік, өмір, сөз, адам

Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.

Ілмектер: сөз, денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Сөз шыңды табар.

Ілмектер: тіл, сөз, сөз өнері

Сөз асылы мақал.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Сөз түбін сөз табар.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Өлең — алтын,
Сөз — күміс.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, өлең, алтын

Сөз жіп, созсаң кете береді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ұста

Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, шешен

Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Тіл қаруы — сөз,
Сөз қаруы — ой.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл

Пікірлер