"Жұрт" туралы Мақал-мәтелдер
"Жұрт" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Ілмектер:
ел, жұрт, халық, іс
Жұрт өтірік айтпайды,
Жоқ өтірік айтады.
Ілмектер:
жұрт, өтірік
Жұрттың жүргені басылмай
Иттің үргені басылмас.
Ілмектер:
жұрт, ит, жүру
Жарамды жігіт
Жұртына олжа салар.
Жарамсыз жігіт
Жұртына қауға салар.
Ілмектер:
жігіт, жұрт
Жұртқа қолыңды жайғанша,
Жұрттан жұрқа терген артық.
Ілмектер:
жұрт
Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің
Сары тонның қадірін
Қыс түскенде білерсің.
Ілмектер:
ел-жұрт, ел, жұрт
Жұртпен жүрген жүдемес.
Ілмектер:
жұрт
Жігіттің үш жұрты бар:
Бірінші — өз жұрты,
Екінші — нағашы жұрты,
Үшінші — қайын жұрты.
Ілмектер:
жігіт, жұрт
Жұрт көргендей қалаң болсын,
Жұт білгендей балаң болсын.
Ілмектер:
жұрт
Жібек мінезді жігіт
Жұртқа жағады.
Жылан мінезді жігіт
Жұртта қалады.
Ілмектер:
жұрт, жігіт
Жұртты жеген жарымас.
Ілмектер:
жұрт, ел
Тау белгісі — тас болар.
Бар белгісі — ас болар.
Азған елдің белгісі —
Бір-біріне қас болар.
Ілмектер:
ел, ас, жұрт, халық
Ел батылын жасқамайды,
Момынын жұртқа тастамайды.
Ілмектер:
ел, жұрт
Айрылған ел — азар,
Қосылған ел — озар.
Ілмектер:
ел, жұрт
Берекелі елдің
Бетін ешкім қақпайды.
Берекелі жердің
Жыланы да шақпайды.
Ілмектер:
береке, ел, жұрт
Ынтымақ қосып ел болып
Жұрт жасаған тірлікті айт!
Ілмектер:
ынтымақ, ел, жұрт
Көпке жақын — көкке жақын.
Ілмектер:
ел, жұрт
Тозар елдің — жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.
Ілмектер:
ел, жұрт
-
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі