"ел" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер
"ел" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Ілмектер:
ел, жақсы
Адам елінде көгерер,
Қоға көлінде көгерер.
Ілмектер:
адам, ел, көл
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Ілмектер:
қадір, ел, жер
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Ілмектер:
жер, ел
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Ілмектер:
еңбек, бірлік, ер, ел
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Ілмектер:
қадір, ер, ел, зергер
Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Ілмектер:
нан, ел
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
Ілмектер:
ас, төрт түлік мал, ел
Ер есімі – ел есінде.
Ілмектер:
ер, ел
Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
Ілмектер:
ер, ел
Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.
Ілмектер:
ел
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ілмектер:
ер, ел
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке
Ілмектер:
ел, халық
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі