Әйелді бастан, баланы жастан.
Ілмектер: әйел, бала
Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын,
Ілмектер: ақыл, әйел
Ойлап талдайды.
Ерге жаққан қатын елге де жағады.
Ілмектер: ер, әйел, қатын
Жақсы әйел жарының жақсылығын асырар,
Ілмектер: жақсы, әйел, жар
Жамандағын жасырар.
Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Ілмектер: әйел, ақыл, жетім, бала
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Әкесінің ақшасына үйленген,
Ілмектер: әке, әйел, ақша
Әйелінің қадірін білмейді.
Сұлу әйелдің күйеуі қарауыл.
Ілмектер: сұлу, әйел, қарауыл, күйеу
Еркек үйдің – иманы,
Ілмектер: ерке, үй, әйел
Әйел – үйдің жиғаны.
Жетесіз әйел ер қадірін білмес.
Ілмектер: әйел
Әйел асқақтаса, жылайды,
Ілмектер: әйел, еркек
Еркек асқақтаса, құлайды.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
Ілмектер: әйел, іс, ұят
Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Ілмектер: қатын, келін, әйел
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.
Қатын ашуланса қазан қайнатар.
Ілмектер: қатын, әйел, ашу
Елді қорғайтын – ерлер,
Ілмектер: ел, ер, әйел, тәрбие
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тыртақай жігітке,
Ілмектер: жігіт, әйел
Жыртақай әйел кез болар.
Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Ілмектер: ат, қатын, әйел, жас
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Ілмектер: бай, әйел, оймақ
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Жаман әйел байына
Ілмектер: әйел
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы әйел жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Қатын бастаған көш оңбас.
Ілмектер: қатын, әйел, көш
Алтын басты әйелден,
Ілмектер: алтын, әйел, еркек
Бақыр басты еркек артық.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі