Байсыз әйел үйде тұрмас, Баусыз оймақ қолда тұрмас. Ілмектер: бай, әйел, оймақ Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Байсыз әйел үйде тұрмас, Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық. ырыс, жігіт
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер, Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер, Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер. бай, құда
Бақыт — қолға қонған құс. Байлық — қолға ұстаған мұз. Құс ұшып кетеді Мұз еріп кетеді, Дүниенің қызығы — сіз бен біз. бақыт, байлық
Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді, Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді. бай, кедей
Тоқ бала аш баламен ойнамайды, Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды. кедей, кедейлік
Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі. тазалық, саулық
Жері байдың елі бай. ел, жер
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі