Жақсы әйел жарының жақсылығын асырар, Жамандағын жасырар. Ілмектер: жақсы, әйел, жар Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жақсы әйел жарының жақсылығын асырар, Жамандағын жасырар.
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық. ырыс, жігіт
Жаман сөз — Жанға кірген тікен, Жақсы сөз — Таптырмайтын ем. жама, жақсы
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Жақсының жақсылығын айт, Мейірі тассын, Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын. жақсы, жаман
Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз; Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз. жақсы жаман
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді. жақсы
Су ағады сайменен, Шам жанады майменен. Жақсыға жақсы қосылса, Күн туады айменен. жақсы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі