Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (12) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (79) Әзіл, анекдоттар (1)

Бірдің кесірі мыңға тиеді.

Ілмектер: кесір, бір, мың, еңбек, байлық

Қыс қысыл, жаз жазыл.

Ілмектер: қыс, жаз, еңбек, байлық

Кедейге кербездік келіспес.

Ілмектер: кедей, байлық, кербез

Әр кемістікке — бір жетістік.

Ілмектер: еңбек, байлық, жетістік

Төркінге сенгеннің төбесі тесік.

Ілмектер: төркін, еңбек, байлық

Кедейді кесір құртар.

Ілмектер: кедей, еңбек, байлық, кесір

Сауданың түбі борыш,
Шаруаның түбі кеңіс.

Ілмектер: сауда, еңбек, шаруа, байлық

Базарда бәрі бар,
Ақшасыз ешкім бермейді.

Ілмектер: базар, ақша, байлық, еңбек

Жарлылығын жасырған байымас.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, байлық, пейіл, ынсап

Ұры байымас,
Сұқ семірмес.

Ілмектер: ұры, сұқ, байлық

Ақылдының белгісі байыса аспайды,
Дәрежесіне таспайды.

Ілмектер: ақыл, байлық

Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, жастық, байлық, кедейлік, жарлы

Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, бала, байлық

Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.

Ілмектер: бай, байлық, іні, бала

Дәмеленсең баюдан.
Қыл алып қал аюдан.

Ілмектер: байлық, аю, парсы мақалы

Жас өседі, жарлы байиды.

Ілмектер: жас, жарлы, кедей, бай, байлық

Еңбектің көзін тапқан
Байлықтың өзін табады.

Ілмектер: еңбек, байлық

Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

Ілмектер: Бірлік, ынтымақ, байлық, бақ

Еңбексіз байлық енбейді.

Ілмектер: еңбек, байлық

Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.

Ілмектер: ел, байлық, жер

Пікірлер