Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (16)

Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, арам, арамдық

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Ілмектер: көз, сөз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Қолы жетпеген кәріп.

Ілмектер: қол, кәріп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Көкірек байғұс текірек қағар.

Ілмектер: көкірек, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.

Ілмектер: көр, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Ілмектер: бар, жоқ, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Нәрсізге назынды айтпа, сағың сынады.
Нәрліге ишарат етсең, айтпай ұғады.

Ілмектер: наз, ишарат, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Ағайында алтау болсаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.

Ілмектер: ағайын, туыс, татулық, ынтымақ

Кеңеспен пішкен тон
Келте болмас.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, кеңесу, тон

Кеңеспен кескен қол ауырмас.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, қол

Мың қосшыға бір басшы.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, саяқ

Ынтымақ түбі - бірлік.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Көнектен шошыған бие оңбас.
Көптен бөлінген үй оңбас.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Ынтымақ істі бітірер.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ.

Ілмектер: Бірлік, ынтымақ, байлық, бақ

Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.

Ілмектер: ықылас, ынтымақ

Көп қолдаса жауды жеңеді.

Ілмектер: жау, ынтымақ, бірлік

Көп тепкен жерден көл шығады.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік