Әупілдек – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Әупілдек» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 2
  • 5782
Ауыр жүкті батпандай
Арқалап бір жатқандай,
Әуп! Әуп!— дейтін кешқұрым
Әупілдектің ешбірін
Көрмегенмін мен бір де,
Болса да бұл өңірде.
Дауысымен айбынды
Жаңғыртатын айдынды.
Сондықтан біз әупілдек
Ойлаушы едік дәу піл деп.
Сөйтсек, өзі құс екен,
Даусы ғана күш екен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Шұғыла

Өрісі бос болмау керек

Гоха

Жаксы

Осы автордың басқа өлеңдері