Бозқараған

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.04.2015
  • 2
  • 3
  • 28277
Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Сирень иісі аңқиды боз даладан.
Бозқараған - тікенек, тікенге өскен
Сирень гүлін ешкім де қозғамаған.
(Соның аты, біздіңше - Бозқараған.)
Қара судың жағасы бозқараған,
Бозқараған бұтағын қозғама адам.
Бозқараған ішінде бойжеткенге,
Бозбалалар бозарып көз қадаған.
Бойжеткендер тойларын жасарында,
Бозқараған жанатын ошағында.
Әтір иісін әкеліп аш ауылға,
Желік беріп тұратын жеңгейлерге,
Жер түбіне біреумен қашарында!
Қарасаздың тоғайы - сайран бағы,
Сайран бағын неліктен ойрандады!?
...Бозқараған гүлін ап, хатқа салып,
Жіберуші ек туысқа майдандағы.
Бозқараған!
Армысың, қасиеттім, бөзге ораған!
Қайда әлгі бойжеткенің көз қадаған?
Қайда жеңгем?
Соңынан сөз бораған...


Пікірлер (3)

Оте керемет

Маған қатты ұнады.Сіздерге көп көп рахмеет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозқараған өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Бозқараған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бозқараған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозқараған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері