Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Бай" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Барын жемей бай өледі.
Ілмектер: бай
Батыр болып, бай болсаң,
Ілмектер: батыр, бай, патша, кемшілік, жарлы, кедей, бек, келеке
Патшадан нең кем?
Жарлы болып, бек болсаң,
Келекеден нең кем?
Батыр ортақ, бай ортақ,
Ілмектер: батыр, бай, ортақ, әділ, хан, төре, қараңғы, үй, шам
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
Би баласы биге ұқсар,
Ілмектер: би, бала, тау, хан, әке, бай
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
Егер сiз осынша ақылды болсаңыз, онда неге бай емессiз....
Ілмектер: ақыл, байлық, бай, америка мәтелі
Ханның ісі қараға түсер,
Ілмектер: хан, батыр, бай, бала, бәйбіше, тоқал, арыстан, тышқан, ер, дұшпан
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер.
Бай қасына барып бақыр болмасаң, маған кел,
Ілмектер: бай, хан, пейіл, ынсап
Хан қасына барып басыңды алмаса, маған кел.
Байлық — басқа машақат,
Ілмектер: байлық, машақат, ашкөздік, әдет, жаман, қайғы, өкініш, кедей, бай, тағдыр
Ашкөздік — жаман әдет, серті қатты,
Өкініш артында оның қайғы жатты.
Бай болу, кедей болу — тағдыр ісі,
Мал іздеу — ерге әшейін машақат-ты.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі