Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (12)

Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны.

Ілмектер: әділ, ғұлама, би, дәуір

Әділ айтсаң,
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайыңа жақпайсың.

Ілмектер: әділ, әзіл, ағайын

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Ілмектер: әділ, зіл, сөз, тіл

Әділ сөздің алды ашық.

Ілмектер: әділ, сөз, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Әділ болсаң, әділет қол созады.

Ілмектер: әділ, әділет, парсы мақалы

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Ілмектер: әділ, сауда, әкім, адал

Ақкөңіл — адам ойының тазасы,
Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін.

Ілмектер: парасат, білім, ақкөңіл, ой, әділ

Ақыл — саған ізгі дос, әділ жолдас.

Ілмектер: дос, әділ, ақыл

Әділ бектің заңы жоғары.

Ілмектер: әділ, бнек, заң

Әділ билер болса құп,
Залым билерде иман жоқ.

Ілмектер: әділ, залым, би, иман

Әділ заң — аспан тірегі.

Ілмектер: әділ, заң, аспан, тірек

Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.

Ілмектер: әділ, адал, адам, өмір

Әділ патшаның әскері халықтан құралады.

Ілмектер: әділ, патша, әскер, халық

Әділ сөз ірі көрінеді.

Ілмектер: әділ, сөз, ірі

Әділ туған заң жақсы.

Ілмектер: әділ, заң

Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ кісі бір қатыннан туады.

Ілмектер: батыр, әділ, кісі, қатын

Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.

Ілмектер: батыр, бай, ортақ, әділ, хан, төре, қараңғы, үй, шам