Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (15) Өлеңдер (7) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (2)

Ешкі мінген балаға
Есек мінген ерсі емес.

Ілмектер: ешкі, есек, бала

Ешкі қырыққан сайын бір өледі.

Ілмектер: ешкі, өлу

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Ілмектер: нәсіп, арам, адал, ешкі, түйе

Ешкіні құдай ұрарында,
Қойшының таяғына сүйкенер.

Ілмектер: ешкі, қойшы, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Ешкі сойғанның екі малы бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі балаңа жарғақ.

Ілмектер: ешкі, тері, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қара итін де қара ешкісінің бағасымен сатады.

Ілмектер: ит, ешкі, баға, сауда, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.

Ілмектер: бала, іс, ешкі, мүйіз

Есің ауса, ешкі жи.

Ілмектер: ес, ешкі, қырғыз мақалы

Ешкі өзі туа алмай жатып,
Қойға кіндікшешелікке барыпты.

Ілмектер: ешкі, қой, кіндікшеше, қырғыз мақалы

Ешкі егіз тауып, қойдан аспайды.

Ілмектер: ешкі, егіз, қой, қырғыз мақалы

Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.

Ілмектер: түйе, ешкі, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.

Ілмектер: аспан, ешкі, Араб мақал-мәтелдері

Пікірлер