Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (35) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (1)

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Ілмектер: жақсы, жас

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Ілмектер: жас, қарттық, кәрілік

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Ілмектер: су, кәрі, жас, кәрілік

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Ілмектер: қарт, жас, қарттық, кәрілік

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Ілмектер: үлкен, жас

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.

Ілмектер: кәрі, жас, кәрілік, қарттық

Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.

Ілмектер: жас, қарттық, кәрілік

Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

Ілмектер: жас, кәрі, қарт, қарттық

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.

Ілмектер: қартаю, жас, кәрілік

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ілмектер: ана, ашу, дос, қас, ас, жас

Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Ілмектер: жас, кәрі

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Ілмектер: жас, бала, құс

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Ілмектер: жаман, ақыл, талап, ұл, жас

Арпа берсең, атқа бер,
Қатыр-құтыр шайнасын.
Қызды берсең жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын!

Ілмектер: төрт түлік мал, жас, қыз

Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.

Ілмектер: өнер, білім, жас

Өмір өтер, жас өсер.

Ілмектер: өмір, жас

Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.

Ілмектер: жас, қарт, тәрбие, өнеге

Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.

Ілмектер: жас, өмір, алтын, күміс

Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?

Ілмектер: ұят, кәрі, жас

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.

Ілмектер: тас, жас