Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (20) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (196) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (11)

Тамыры терең теректер
Тамызда да қуармас.
Тамыры көп жігітті
Ешкім батып қузамас.

Ілмектер: жігіт, терек

Тайпақ сай — тасқалақ,
Сабырсыз жігіт — сасқалақ.

Ілмектер: жігіт, сабырсыздық

Егін жерге бітеді,
Ер жігіт елге бітеді.
Қоға көлге бітеді,
Көк жантақ шөлге бітеді.

Ілмектер: егін, жігіт

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Ілмектер: жаңбыр, жігіт

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Ілмектер: еңбек, іс, жігіт

Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.

Ілмектер: жақсы, жігіт, жұмыс

Жарлы білегіне сенеді
Жігіт жүрегіне сенеді.

Ілмектер: жігіт

Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.

Ілмектер: еріншек, жігіт, төрт түлік мал

Балалығыңды сағынсаң,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайныңа бар.

Ілмектер: туған, туыс, нағашы, жігіт, бала, қайны

Үш ағайынды жігіттің
Отарда малы бар.
Екі ағайынды жігіттің
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің
Шығар-шықпас жаны бар.

Ілмектер: ағайын, жігіт, туған, туыс

Қырын алған жігітті
Қыз қасынан ит қабар.

Ілмектер: жігіт, қыз

Жігітке жетпіс өнер де аз.

Ілмектер: жігіт, өнер

Бөрі соғар жігіттің
Бөрігінен белгілі.
Балта соғар жігіттің
Көрігінен белгілі.

Ілмектер: өнер, жігіт

Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.

Ілмектер: жаман, жігіт, қыз, қол өнері, өнер

Жігітке жеті өнер аз,
Жетпіс өнер көп емес.

Ілмектер: жігіт, өнер

Жатып сөйлеген
Жігітке жараспайды.

Ілмектер: жігіт, сөз, тіл

Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.

Ілмектер: жігіт, тіл, сөз, дау

Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.

Ілмектер: жігіт, денсаулық

Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.

Ілмектер: жігіт, жалғыз

Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.

Ілмектер: жігіт, жалғыз, жалғыздық