Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (1)

Тұз десе түйеде тағат жоқ,
Төркін десе қызда тағат жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, қыз, төркін

Төркіні тентек келіннің
Тілі ұзын
Төркіні момын келіннің
Жібі ұзын.

Ілмектер: төркін, келін, туған, туыс

Төркініне келген қыз
Төрге секірер.

Ілмектер: төркін, қыз

Төркініне сенгеннің
Төбесі — жарық.

Ілмектер: төркін, отбасы

Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды.

Ілмектер: төркін, қатын, отбасы

Төркінге сенгеннің төбесі тесік.

Ілмектер: төркін, еңбек, байлық

Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.

Ілмектер: төркін, қыз, түйе, отбасы, туыс, жанұя

Аттың сыры иесіне мәлім,
Қыздың сыры төркініне мәлім.

Ілмектер: қыз, төркін, сыр, қырғыз мақалы

Төркіні жақынның төсегі жиылмайды.

Ілмектер: төркін, төсек, қырғыз мақалы

Бұқада қайын жоқ,
Сиырда төркін жоқ.

Ілмектер: туыс, бұқа, сиыр, қайын, төркін, қырғыз мақалы

Жаман қатын түскен жерін,
Төркін тұтады.

Ілмектер: төркін, туыс, туыстық қатынастар, қырғыз мақалы

Өзі болған қыз
Төркінін танымас.

Ілмектер: қыз, төркін

Пікірлер