Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (79) Ұлағатты сөздер (15)

Бір басқа - бір көз.

Ілмектер: бас, көз, жалғыз

Бас тұмақтың үлгiсi.

Ілмектер: бас, тұмақ, үлгі, өнер

Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.

Ілмектер: ақыл, сөз, бас

Алымсыз басқа ақыл жұқпас.

Ілмектер: ақыл, бас

Бір басыңда мың уайым.

Ілмектер: бас, уайым, парсы мақалы

Қызыл тіл кемел басты желге ұшырар.

Ілмектер: тіл, бас, парсы мақалы

Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.

Ілмектер: тіл, құрдас, бас, қалжың, парсы мақалы

Я басқа бөрене тиеді,
Я бөрік киеді.

Ілмектер: бас, бөрене, бөрік, парсы мақалы

Пілдей басқа –
Тілдей тас.

Ілмектер: піл, бас, тіл, тас, парсы мақалы

Біреудің қолымен жыланның басын мылжалайды.

Ілмектер: қол, бас, жылан, парсы мақалы

Басын ойламай,
Асын ойлайды.

Ілмектер: ас, бас, парсы мақалы

Құлағын салып,
Басын ұтқызды.

Ілмектер: құлақ, бас, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Екі қасқа бас та –
Басқа, басқа.

Ілмектер: бас, қасқа, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жүз бастың шашын жібітіп,
Біреуін де қырмаған.

Ілмектер: бас, шаш, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.

Ілмектер: өгіз, бұзау, бас, аяқ

Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.

Ілмектер: бас, ауру, молда

Бөрік бассыз болмас.

Ілмектер: бөрік, бас

Тулады жүрек, кетті бас,
Тоқтады жүрек, қайда бас.

Ілмектер: жүрек, бас

Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.

Ілмектер: құрмет, шаш, бас

Не басын тасқа соқсын,
Не тасын басқа соқсын.

Ілмектер: бас, тас