Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (882) Өлеңдер (49) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (219) Әзіл, анекдоттар (1)

Көргеннен бiлмегенiң көп.
Бiлгеннен бiлмегенiң көп.

Ілмектер: білім

Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.

Ілмектер: ашу, білім, көру

Бұрынғыны айтпай,
Соңғы еске түспейдi.

Ілмектер: бұрынғы, айту, білім

Бiлiмдiге дүние жарық,
Бiлiмсiздiі күнi кәрiп.

Ілмектер: білім, күн

Бiлiм алып құрасын,
Еңбек етiп сұрасын.

Ілмектер: білім, еңбек

Адасқанның артындағысы бiледi.
Жаңылғанның жанындағысы бiледi.

Ілмектер: адасу, жаңылу, білім

Бiлiм ауысады,
Ырыс жұғысады.

Ілмектер: білім, ырыс

Бiлгеннен де өтер,
Бiлмегеннен де өтер.

Ілмектер: білім

Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.

Ілмектер: жылау, күлі, білім

Туа бiлмейдi, жүре бiледi.

Ілмектер: білім

Өз бiлмегенiңдi кiсiден сұра,
Үлкен болмаса кiшiден сұра.

Ілмектер: білім

Өнер ағып жатқан бұлақ,
Ілім жанып тұрған шырақ.

Ілмектер: өнер, ілім, білім

Оқу – бiлiм азығы,
Бiлiм – ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім, ырыс

Оқу түбi - тоқу.

Ілмектер: оқу, білім

Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.

Ілмектер: оқу, білім, бала

Оқысаң озарсың,
Оқымасаң тозарсың.

Ілмектер: оқу, білім

Ілім іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.

Ілмектер: ілім, білім, өнер

Өзің білгенмен
Өзгеден білім сұра.

Ілмектер: білім

Көп білу – тоқ жүру.

Ілмектер: білім, парсы мақалы

Мылтық марқаймайды,
Білім қартаймайды.

Ілмектер: білім, мылтық, қырғыз мақалы