Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Ел өзгерсе де, әдет өзгермейді.

Ілмектер: ел, әдет

Жер тауымен салмақты,
Ел қауымымен салмақты.

Ілмектер: жер, ел

Елдің тіліне ерме.

Ілмектер: ел, тіл

Жаудың түбі – ел болар,
Таудың түбі – бел болар.

Ілмектер: жау, тау, ел, қырғыз мақалы

Атың барда жер таны,
Атаң барда ел таны.

Ілмектер: ат, жер, ел, тану, қырғыз мақалы

Екі биелі ел сақтайды,
Бір биелі жан сақтайды.

Ілмектер: ел, жан, қырғыз мақалы

Ел ауызы – елек.

Ілмектер: ел, ауыз

Бас – ақыл үшін,
Ақылды – ел үшін.

Ілмектер: бас, ақыл, ел

Ел – ел болды,
Елебай әкем не болды?

Ілмектер: ел, қырғыз мақалы

Ер туған ел өлмейді.

Ілмектер: ер, ел

Есері болмай, ел болмайды.

Ілмектер: ел, есер, қырғыз мақалы

Елін сағынбайтын ер болмайды,
Үйірін сағынбайтын ат болмайды.

Ілмектер: ел, сағыну, үйір, ат, қырғыз мақалы, сағыныш

Жаман өзі үшін бүлінеді,
Жақсы елі үшін жүгіреді.

Ілмектер: ел, жақсы, жаман

Ел ішінде жұрт жүреді,
Ет ішінде құрт жүреді.

Ілмектер: ел, ет, құрт, қырғыз мақалы

Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі

Ілмектер: тәуелсіздік, рух, ел

Білім – елге,
Су – жерге.

Ілмектер: білім, ел, су, жер, қырғыз мақалы

Есің барда елің тап.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, отан

Ел құлағы — елу.

Ілмектер: ел

Ел аралаған — сыншы болар,
Орман аралаған — үйші болар.

Ілмектер: ел

Ел бірлігі – ел теңдігі.

Ілмектер: бірлік, теңдік, ел