Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"ер" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы,
Ілмектер: ер, әйел
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ілмектер: ел, ер, әйел, тәрбие
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Ілмектер: ер, қатын, жаман, бойдақ
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
Айбынды салтын ел бұзбас,
Ілмектер: айбын, ант, ер
Адамдық антын ер бұзбас.
Тайсалу ердің ісі емес,
Ілмектер: ер, қару
Жұмсай білгенге қару кіші емес.
Еменнің майысқаны сынғаны,
Ілмектер: емен, ер
Ердің қайысқаны - өлгені.
Ер екі өлмейді, бір өледі,
Ілмектер: қорқақ, ер
Қорқақ шіркін күнде өледі.
Қанды соғыс ерге сын,
Ілмектер: соғыс, ер, жау, сын
Қаптаған жау елге сын.
Ердің жақсысы
Ілмектер: ер, әйел, ақылдасу, жаулық, жең
Елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ең болмаса,
Жаулығымен, жеңімен ойласады.
Ақыңды ер жемейді,
Ілмектер: ақы, жер, ер
Екінші - жер жемейді.
Қалы кілем түрге керек,
Ілмектер: кілем, алмас, қылыш, ер
Алмас қылыш ерге керек.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі