Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (13) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (360) Ұлағатты сөздер (110) Әзіл, анекдоттар (1)

Жаман айтпай, жақсы жоқ.

Ілмектер: жаман, жақсы

Жақсының күнде
Бір ойы кеңиді;
Жаманның күнде
Бір ойы кемиді.

Ілмектер: жақсы, жаман, ой

Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

Ілмектер: жақсы, жаман, жолдас

Жақсы керісіп отырып
Күліседі.
Жаман келісіп отырып
Керіседі.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсыны жамандасаң
Аруағы тасады;
Жаманды жамандасаң,
Құты қашады.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсы жүрген жерін
Мақтап жүреді,
Жаман жүрген жерін
Даттап жүреді.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Айыратын жаман бар,
Қосатын жараң бар,
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.

Ілмектер: жаман, сараң, мінез-құлық

Жақсының сөзі кепіл,
Жаманның өзі кепіл.

Ілмектер: сөз, жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаман етіңе келеді,
Жақсы ниетіңе келеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаманның қолында болғанша,
Жақсының жолында бол.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсыдан жаман туса,
Емі табылмас.
Жаманнан жақсы туса,
Теңі табылмас.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсы жігіт сапардан:
Елін аңсап қайтады,
Алдына мал сап қайтады.
Жаман жігіт сапардан:
Пістесін шағып қайтады,
Қалтасын қағып қайтады.

Ілмектер: жақсы, жаман, жігіт

Жақсы әйел
Жаман еркекті би етеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті құл етеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, әйел

Жақсының соңынан көп ереді,
Жаманның соңынан шөп ереді.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсының жақсылығын айт,
Мейірі тассын,
Жаманның жамандығын айт,
Құты қашсын.

Ілмектер: жақсы, жаман, құт

Жақсы көпке зейнет,
Жаман көпке бейнет.

Ілмектер: зейнет, бейнет, жақсы, жаман

Жақсы бала — жансақ,
Жаман бала — малсақ.

Ілмектер: бала, жақсы, жаман

Жаман өле жейді,
Жақсы бөле жейді.

Ілмектер: жаман, жақсы

Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан күдер үзбе,
Жарлы екен деп.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы адам жолына
Жол азық қалдырады.
Жаман адам жолыңа
Ор қазып қалдырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам