Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (38) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (70)

Жан бар жерде – қаза бар.

Ілмектер: жан, қаза

Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.

Ілмектер: қымыз, ет, жан, қан, қырғыз мақалы

Жан бергеннің қасында тұрма.

Ілмектер: өлім, жан, қырғыз мақалы

Жаманның жаны ардақты.

Ілмектер: жаман, жан

Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.

Ілмектер: жан, хан, мал, жақсы

Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.

Ілмектер: айып, бас, кесу, дүние, тірі, жан

Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, парша, бет, ет, жан

Басқа түскенді көз көрер (жан тартар).

Ілмектер: көз, жан, қиындық

Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.

Ілмектер: бқрік, бас, ақша, жан

Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: дос, достық, жан, кеме

Бұл жалғанда жазығы жоқ жан бар ма?

Ілмектер: жалған, жазықты, жазықсыз, жан, адам, дүние, өмір туралы

Білімдар жанның ізін кес.

Ілмектер: білім, жан

Болжалсыз таң атпайды,
Ажалсыз жан шықпайды.
Құдайдың бұйрығынан басқа
Құмырысқаның аяғы сынбайды.

Ілмектер: таң, ажал, жан, бұйрық, құмырсқа, аяқ

Бір кемеге мінгеннің жаны бір.

Ілмектер: кеме, жан