Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"жақсы" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жақсы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жігіт жақсысын —
Ілмектер: жігіт, жақсы
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.
Адалдық ардың ісі,
Ілмектер: адал, жақсы, ар
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
Жақсы іске жан сүйінер.
Алғаның жақсы болса,
Ілмектер: жақсы
Бұл дүниенің шырағы.
Мінгенің жақсы болса
Бұл жалғанның пырағы.
Жақсының өңі қартайса да,
Ілмектер: жақсы, көңіл
Көңілі қартаймайды.
Екі тентек кездессе,
Ілмектер: жақсы
Төбелеспен тарқайды.
Екі мылжың кездессе,
Ерегіспен тарқайды.
Екі жақсы кездессе,
Елжіресіп тарқайды.
Жақсы жігіт,
Ілмектер: жақсы, жігіт, әйел
Бір мінез ат дос сақтайды.
Жақсы әйел,
Бір ішер ас сақтайды.
Аға болар жігіттің
Ілмектер: жігіт, жақсы
Етек-жеңі кең келер.
Арғымақ болар құлынның
Жал, құйрығы дөңгелер.
Жақсы дос —
Ілмектер: жақсы, дос
Басыңа дос
Жаман дос —
Асыңа дос.
Сырласуға дос жақсы,
Ілмектер: жақсы, дос, жат
Сыйласуға жат жақсы.
Алтын белдік — бел сәні,
Ілмектер: жақсы, алтын, жігіт
Асы жігіт — ел сәні.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Ілмектер: жақсы
Жақсы адам құлағынан қалады.
Жақсыға барсаң —
Ілмектер: жақсы
Жазылып қайтарсың.
Бақсыға барсаң —
Қағынып қайтарсың.
Қызың жақсы болса,
Ілмектер: жақсы, қыз, ұл
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі