Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (17) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (296) Ұлағатты сөздер (91)

Жақсыға жанас,
Жаманнан адас.

Ілмектер: жаман, жақсы

Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.

Ілмектер: жақсы, жаман, әке, бала

Жақсыға шаң жуымас,
Жаманға жан жуымас.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы сөзіңді сыйлар
Жаман тезіңді сыйлар.

Ілмектер: жақсы, жаман, сөз

Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсының шарапаты
Тиер тар жерде;
Жаманның кесапаты
Тиер әр жерде.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жаман айтпай, жақсы жоқ.

Ілмектер: жаман, жақсы

Жақсының күнде
Бір ойы кеңиді;
Жаманның күнде
Бір ойы кемиді.

Ілмектер: жақсы, жаман, ой

Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

Ілмектер: жақсы, жаман, жолдас

Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.

Ілмектер: келін, ұл, жақсы

Екі жақсы дос болса,
Бірін бірі қия алмас.
Екі тентек қосылса
Бір шаһарға сыя алмас.

Ілмектер: жақсы, дос, мінез-құлық

Жақсы керісіп отырып
Күліседі.
Жаман келісіп отырып
Керіседі.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсыны жамандасаң
Аруағы тасады;
Жаманды жамандасаң,
Құты қашады.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсы жүрген жерін
Мақтап жүреді,
Жаман жүрген жерін
Даттап жүреді.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсының сөзі кепіл,
Жаманның өзі кепіл.

Ілмектер: сөз, жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаман етіңе келеді,
Жақсы ниетіңе келеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсының өзі де жақсы,
Сөзі де жақсы.

Ілмектер: жақсы, сөз

Жақсының сөзі:
Шамдай жарық,
Айдай анық.

Ілмектер: жақсы, сөз

Жаманның қолында болғанша,
Жақсының жолында бол.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсыдан жаман туса,
Емі табылмас.
Жаманнан жақсы туса,
Теңі табылмас.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық