Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (62) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (191) Ұлағатты сөздер (49)

Қазақтың осы жер дегені, көш жер.

Ілмектер: қазақ, жер

Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.

Ілмектер: жер, мал

Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.

Ілмектер: ел, жер

Жер екеш жер де ауырады.

Ілмектер: жер, ауру, мақал, мәтел

Жеріңе жақсылық қылғаның –
Тасты дей бер қырманың.

Ілмектер: жер, жақмылық, қырман

Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.

Ілмектер: батыр, ырыс, ел, жер

Жермен келген — жермен кетеді.
Желмен келген — желмен кетеді.

Ілмектер: жер, жел, егіншілік

Жер шежіресі – ел шежіресі.

Ілмектер: жер, ел

Жер — ырыстың кіндігі,
Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: жер, ырыс, еңбек