Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (46) Ұлағатты сөздер (3)

Көп жүрген жер көңілді.

Ілмектер: жер, көпшілік

Көпке топырақ шашпас болар.

Ілмектер: көпшілік

Көпті алдаған,
Көрінде өкіреді.

Ілмектер: алдау, көпшілік

Көп жүрген жер көңілді,
Көптің ісі өнімді.

Ілмектер: көпшілік

Көпті көрген біледі,
Алысты жүрген біледі.

Ілмектер: алыс, көпшілік

Көптің мүлкін көргенсіз алар.

Ілмектер: көпшілік, мүлік

Көпке ұнамаған
Көбеймейді.
Көп қарғысына ұшыраған
Көгермейді.

Ілмектер: көпшілік, көп, қарғыс

Аздың қадірін білмеген
Көптің қадірін қайтіп білмес.

Ілмектер: қадір, көпшілік

Көппен жүрген көңілді,
Көп түзетер кеміңді.

Ілмектер: көпшілік, көп

Сайда саны көптің
Қырда шаңы көп.

Ілмектер: сан, көп, көпшілік

Көп ауыз біріксе,
Кере ауыз жоқ болады.

Ілмектер: көп, көпшілік

Көп күлкісі күнненде жылы.

Ілмектер: күлкі, көпшілік

Көп қайда болса, шындық сонда.

Ілмектер: шындық, көпшілік

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, жалғыз

Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, дауыс

Көптен қоян қашып құтылмас.

Ілмектер: қоян, ел, халық, көпшілік

Көппен тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік

Көптен шыққан көмусіз қалады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік

Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.

Ілмектер: Көп, ел, халық, көпшілік, аз, азап, жақсылық

Көпшіліктің қолы ұзын.

Ілмектер: көпшілік, ынтымақ, татулық