Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (79) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.
Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.

Ілмектер: тіл

Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.

Ілмектер: құлақ, тіл

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Ілмектер: сөз, тіл

Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

Ілмектер: тіл

Аңдамай сөйлеген
Ауырмай өледі.

Ілмектер: тіл

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Ілмектер: сөз, тіл

Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.

Ілмектер: сөз, тіл

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Ілмектер: күміс, алтын, сөз, тіл

Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Ілмектер: су, сөз, шын, тіл

Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.

Ілмектер: сөз, тіл

Қатты айтсаң,
Қарындасыңа жақпайсың.
Ақырын айтсаң,
Ақың кетеді.

Ілмектер: сөз, тіл, туыс, ақы

Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.

Ілмектер: сөз, әдемі, тіл

«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.

Ілмектер: сөз, тіл

Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.

Ілмектер: шебер, шешен, сөз, тіл

Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.

Ілмектер: олақ, сөз, тіл

Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.

Ілмектер: сөз, тіл

Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.

Ілмектер: сөз, тіл

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.

Ілмектер: тәуекел, көңіл, жара, сөз, тіл

Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.

Ілмектер: адам, сөз, тіл, төрт түлік мал

Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.

Ілмектер: сөз, тіл