Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (148) Өлеңдер (82) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (225)

Сөзіңді біреу сөйлесе,
Аузың қышып бара ма,

Ілмектер: сөз, тіл

Әуелгі сөзің шын болса,
Соңғы сөзіңе жол болады.

Ілмектер: сөз, тіл

Жыламасқа жылаған екі көзім,
Тыңдамасқа сөйлеген есіл сөзім.

Ілмектер: сөз, тіл

Тауып сөйлесең — күміссің,
Таппай сөйлесең — мыссың.

Ілмектер: күміс, мыс, сөз, тіл

Қарағым деген жылы сөз
Тон болып тәнді жылытпаса да,
Жанды жылытады.

Ілмектер: сөз, жылы, тіл

Жаман сөз жанға кірген тікен.

Ілмектер: жама, сөз, тіл

Пышақ жетесінен сынады,
Сөз келтесінен тынады.

Ілмектер: сөз, тіл

Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөзге мақал жарасар,
Иекке сақал жарасар.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл

Ми ойланғанды
Тіл тындырады.

Ілмектер: тіл, ми

Адамның өзі жетпеген жерге
Сөзі жетеді.

Ілмектер: адам, сөз, тіл

Орынсыз сөз орға жығады.

Ілмектер: сөз, тіл

Сөз — сабан, іс — дән.

Ілмектер: сөз, іс, тіл

Қызыл тілден, ашынғанда у тамар,
Басылғанда бал тамар.

Ілмектер: тіл, у

Санасызға айтқан сөз —
Тасқа тамған тамшыдай.
Саналыға айтқан сөз —
Қолға ұстатқан қамшыдай.

Ілмектер: сөз, тіл

Өзі өтірікші
Өзгенің шын сөзіне сенбейді.

Ілмектер: сөз, тіл, өтірікші

Жақтырмаған
Жүре сөйлеседі.
Жарамсақтанған
Күле сөйлеседі.

Ілмектер: сөз, тіл

Қол жүйрігі — етке,
Тіл жүйрігі —бетке.

Ілмектер: тіл

Сөйлеген — себеді,
Тыңдаған — орады.

Ілмектер: сөз, тіл

Жетесізге айтқан сөз,
Желмен бірге кетеді.

Ілмектер: сөз, тіл