Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз(ілмек) жазып, "іздеу" батырмасын басыңыз, сол сөзге байланысты мәліметтер шығады, мысалы: ана


Мақалалар (113) Өлеңдер (25) Жоспарлар (2) Ұлағатты сөздер (50)

Іздеген кілт сөзіңізге(ілмек) байланысты мәліметтер:


"Болашақ" туралы Ұлағатты сөздер

"Болашақ" туралы ұлағатты сөздер жинағы. Бұл бөлімде Болашақ туралы қызықты деректер, танымдық мақалалар мен пайдалы мәліметтер жинақталған.

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

Ілмектер: бақыт, болашақ, жақсылық, тілек Ілияс Есенберлин

Уақыт машинасы әрқайсымызда бар: өткен шаққа — естелік, болашаққа — арман апарады.

Ілмектер: уақыт, машина, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өткен шақ, естелік, болашақ, арман Уэллс Герберт

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев

«Армандаудан қорықпа — үлкен өзгеріс кішкентай армандардан басталады.»

Ілмектер: арман, Армандар, Жастар, болашақ Тлеуғабыл Шырайлым

«Бүгінгі талпыныс — ертеңгі жетістікке бастар жол.»

Ілмектер: еңбек, Жастар, болашақ, арман, Жетістік, Армандар Тлеуғабыл Шырайлым

«Өз жолыңды іздеуден қорықпа, себебі ең жарқын жұлдыздар қараңғыда көрінеді.»

Ілмектер: жұлдыз, мың жұлдызы бар болса да..., болашақ, жол, еңбек Тлеуғабыл Шырайлым

«Білім — сенің ең мықты қаруың. Ол сені ертеңгі күнге дайындайды.»

Ілмектер: білім алу, білім, еңбек, болашақ, арман Тлеуғабыл Шырайлым

«Болашағың — бүгінгі таңдауыңның нәтижесі.»

Ілмектер: болашақ, таңдау, нәтиже Тлеуғабыл Шырайлым

Өмірде мақсаты бар адам кез келген қиындыққа шыдайды.

Философиялық стиль: «Кімнің өмірде "не үшін" дегені болса, ол кез келген "қалайға" төтеп береді».

Бұл Фридрих Ницшенің нақылы, бірақ оны әлемге танытқан — психолог Виктор Франкл. Ол концлагерьде аман қалудың басты шарты — адамның ішкі мақсаты мен болашаққа деген сенімі екенін осы сөзбен дәлелдеген.

Түпнұсқасы неміс тілінде:

„Wer ein Warum zum Leben hat, erträgt fast jedes Wie.“

Ілмектер: Фридрих Ницше, қиындық, мақсат, шыдамдылық, болашақ, болашаққа деген сенім, сенім, үміт Фридрих Ницше