Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (53) Өлеңдер (94) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (871)

Адам ізденсе ғана өмір сүреді.

Ілмектер: адам, ізденіс, өмір Роберт Вальзер

Адам — мазасын алмаған кезде ғана моп-момақан.

Ілмектер: адам, момын, мазалау Роберт Вальзер

Адам өмірінің арқауында адамның толымсыздығына негізделген принцип жатыр.

Ілмектер: адам, өмір, принцип, толымсыздық Жорж Батай

Тəртіпсіздік — адамдық моральді құртуды көксеушілердің өлшемі, міне, осы.

Ілмектер: Тəртіпсіздік, адам, мораль Жорж Батай

Адамға қатігездік көлеңкесі түсіп, өлімнің көзіне «тура қарайтын» болғанда — оның өмірі тұтас тамашаға айналады. Оны ештеңе де бұза алмайды: өлім — оның жаңаруының шарты ғана.

Ілмектер: адам, қатыгездік, өлім Жорж Батай

Тек адам болу «абыройсыздығынан» «өлмеген» кісі ғана адам болып өледі.

Ілмектер: адам, абырой Жорж Батай

Қиылған тамақтан тоқтаусыз шапшыған қанды еске салатын мына күлдібадам ойлар отары қайда ағылып барады?!

Ілмектер: тамақ, қан, адам, отар Жорж Батай

Адам қашып қана қанағат табады.

Ілмектер: адам, қанағат Жорж Батай

Арылуды аңсап қанын ішіне тартқан дүкеншінің, жезөкшенің, əулиенің өзара ұқсастықтарының көптігі сонша — олардың бəрін жиып бір-ақ адам жасауға болатындай.

Ілмектер: арылу, дүкенші, әулие, адам Жорж Батай

Дүние — адам үшін шешуге тиісті жұмбақ тəрізді.

Ілмектер: дүние, адам, жұмбақ Жорж Батай

Мораль дегеніміз — белгілі бір тəртіпке бой ұрған адам өзіне-өзі салар ауыздық.

Ілмектер: мораль, тәртіп, адам Жорж Батай

Қанша жоққа шығаруға тырыссақ та, адамдардың сауатсыздығы, надандығы, жабайылығы біз өмір сүріп жатқан әлемде әлі де көп.

Ілмектер: Адам, білім, оқу, адамдық, сауатсыздық, надандық, жабайылық, өмір, әлем Али Айбекұлы

Жаңа нәрсені ойлап табу үшін үлкен батылдық, шығармашылық және қажырлы еңбек қажет, сондықтан көптеген адамдар одан аулақ жүреді. Себебі оларға көптеген адамдардың ізімен басылған жолмен жүру оңайырақ. Бірақ ойсыздар үшін ол да қиындық тудырады!

Ілмектер: Жаңа, жаңалық, ой, өнертапқыш, шығарма, батылдық, қажырлы еңбек, адам, адамдар, із, жол, ойсыз Али Айбекұлы

Шынымен адамның қауқарсыздығы ақылдан алжастыруы мүмкін екенін жер бетінде ең бірінші болып сезініп тұр ма екенмін?!

Ілмектер: адам, қауқарсыздық, сезім Жорж Батай

Адам білуі мүмкін нəрсенің ешқайсысы тəуекелсіз жоққа шығарылмайды.

Ілмектер: адам, тәуекел Жорж Батай

Ең салмақты адамдардың өзі маған өздерін-өздері жете біле бермейтін жас балалар сияқты көрінеді.

Ілмектер: салмақтылық, бала, адам Жорж Батай

Адам баласының тіршілігі тілмен тығыз байланысты.

Ілмектер: адам, бала, тіл, тіршілік Жорж Батай

Сараңдықтың темір құрсауынан жан аямай құтылуға ұмтылған адам ғана өзін табады.

Ілмектер: сараңдық, адам Жорж Батай

Адамның денесі өзі топырағынан жаратылған жəне өзі оны зор ризашылықпен жоққа шығаратын Жерге арналған сынақ тəрізді. Эрекцияны қаһарман қатаңдықпен еш салыстыруға болмайды.

Ілмектер: адам, дене, топырақ Жорж Батай

Қоғам — жеке адамдардың орнын күш қана толтыратын əлсіздікке негізделген.

Ілмектер: қоғам, адам, әлсіздік Жорж Батай