Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (150) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (114) Әзіл, анекдоттар (1)

Егер адам жылап алғаннан кейін өзін жеңіл сезінер болса, бұл — оның қалыптасқан жағдайды айыптаушы деңгейіне көтеріле алғандығының белгісі.

Ілмектер: жылау, сезім, айыптаушы Альфред Адлер

Назар оятудың ең басты шарты — дүниеге деген шынайы жəне терең қызығушылық сезімнің болуы.

Ілмектер: қызығушылық, сезім, дүние Альфред Адлер

Жүрек айныр жеккөрушіліктен басқа ешбір сезімді осыншалықты оңай ойдан туғыза алмайсыз.

Ілмектер: жүрек, жеккөрушілік, сезім, ой Альфред Адлер

Қоғамдық өмір адам бойындағы жетіспеушілік сезімін жоюға көмектеседі.

Ілмектер: қоғам, өмір, сезім, жетіспеушілік Альфред Адлер

Біреулер басқалардың пікірінің салмағын асыра бағалауға үйір келеді, ал енді біреулер болса — тек өз пікірлері ғана дұрыс деп қасарысып тұрып алғыш. Адамдардың бұл екі тобы да өздерінің əлсіздігін іштей сезетін болуы керек.

Ілмектер: сезім, әлсіздік, пікір Альфред Адлер

Сүйіспеншілік дегеннің өзі — айтарлықтай аумалы-төкпелі сезім: тайталасқа орын жоқ жерде жеңіске жету де мүмкін емес.

Ілмектер: Сүйіспеншілік, сезім, жеңіс Альфред Адлер

Тек ортақшылдық сезімге негізделген жəне сондықтан да игілікке ортақ қызмет етуге бағытталған интелектіні ғана ақыл-ойға жатқызуға болады.

Ілмектер: ортақшылық, сезім, интелект, ақыл-ой Альфред Адлер

Істеп жүрген істеріміздің бəрін сезімнің қатысуынсыз-ақ жүзеге асыруға болады: сезім — іс-қимылдың жолбикесі ғана ғой.

Ілмектер: іс, сезім Альфред Адлер

Көңіл толмаушылық сезімі топтар мен ұлттарды өзін-өзі құрту құрдымына қарай итермелейді.

Ілмектер: Көңіл толмаушылық, сезім, топ, ұлт, құрдым Альфред Адлер

Адамның құтқарушысы — бірлестік сезімі мен əлеуметтік қызметтестік.

Ілмектер: адам, құтқарушы, сезім, әлеумет Альфред Адлер

Адам ұлы ғой, шіркін: қандай қорқынышқа бармайды дейсің, оны терең сезініп, оған төзіп жəне оны жадынан ешбір шығармай жүріп өмір сүре береді.

Ілмектер: адам, қорқыныш, сезім, өмір Элиас Канетти

Ағылшындар қиналған сəттердің бəрінде — менің бойымды олардың парламентіне деген сүйініш сезімі билейді.

Ілмектер: ағылшын, парламент, сезім, сүйініш Элиас Канетти

Пікірлер