Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (118) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (200)

Жеке адам өзiн тұтастың бiр бөлiгi ретiнде сезiнуге батылы барғанда ғана бақытты болмақ.

Ілмектер: сезім, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.

Ілмектер: ислам, тазалық, ақыл, жүрек, пайда, бақыт, сенім Нарша Булгакбаев

Бақыттының бәрі қулықсыз емес, бақытсыздың бәрі арайсыз емес.

Ілмектер: бақыт, қулық, қу, бақытсыздық, бақытсыз, арай Нарша Булгакбаев

Қараңғыда жалғыз қалмассың, жарықты іштей жаға алсаң, бақытсыз болып қалмассың, бақытты іштей баға алсаң.

Ілмектер: қараңғы, жарық, жалғыздық, бақыт Нарша Булгакбаев

Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, еңбек, ләззат Сайын Назарбекұлы

Өзгелердің бақытсыздығы туралы көп ойланатын адам өз басына түскен бақытсыздықты оңай көтереді.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бақытсыздық Конфуций

Бақытты қуып әлекке түспе: ол барлық уақытта өзіңмен бірге.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Пифагор

Өліміне дейін ешкімді бақытты деп айта алмаймыз.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Солон

Тегің - атаңнан;
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.

Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Тірлікте болғаның — өмір сүргенің,
Бірлікте болғаның — бақытты өмір сүргенің.

Ілмектер: тірлік, бақыт, өмір, бірлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Біреулер ой ойлап бақытты;
Біреулер іс тындырып бақытты;
Енді біреулер солардан ұрлап бақытты.

Ілмектер: ұрлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, бақыт Сайын Назарбекұлы

Егер сізге бақытты болу керек болса, бақыт туралы ұмытуға тырысыңыз, себебі бұл да бақыт.

Ілмектер: бақыт, ұмыту, себеп, туралы Нарша Булгакбаев

Мұхиттардан бақыт аралын таппадым. Ормандағы ағаштар арасынан жұпар иіс сезіне алмадым. Жер асты байлықтарынан ешқандай пайда көре алмадым. Демек мен қанағатсыз, тойымсыз бір бейшара жаратылыс екенмін.

Ілмектер: бақыт, арал, мұхит, орман, ағаш, жұпар иіс, жер, байлық, пайда, қанағатсыздық, тойымсыздық, бейшара, жаратылыс, туралы Нарша Булгакбаев

Бақытты адам үнсіз келеді.

Ілмектер: бақыт, адам, үнсіздік Роберт Вальзер

Өзіңді бақытсыз сезіне бастасаң-ақ болды, солай болып шығады екен.

Ілмектер: бақыт, бақытсыздық Роберт Вальзер

Бақыт — жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.

Ілмектер: бақыт, жазушы, тақырып Роберт Вальзер

Экстаз кезінде босаңсуға болады: сол сəтте нағыз қанағаттанғандық, бақыт, бейбастақтық сияқты сезімдер оянады

Ілмектер: қанағат, бақыт, сезім, экстаз Жорж Батай

Бақытына қарай балалар біраз уақыт ересектер əлемінің не екенін білмей өседі: бірақ кейін олар бəрібір сол сұрқия əлемнің тұрғынына айналады.

Ілмектер: бақыт, балалық шақ, ересек, әлем, тұрғын Жорж Батай

Бақытты болғысы келу жөніндегі тілек — жаңа қасірет жəне одан құтылу жөніндегі тілек деген сөз.

Ілмектер: бақыт, тілек, қасірет Жорж Батай

Ең бақытты күлкі — сəбидің күлкісі!

Ілмектер: сәби, күлкі, бақыт Жорж Батай