Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (47)

Ең үлкен қателік, өз қателігіңді түзелтпеу

Ілмектер: қателік Конфуций

Өмірде керемет өнер туындыларын ыңғайсыз жерде немесе мезгілсіз уақытта көргеннен асқан қателік жоқ шығар. Шекспир соның кесірінен талай таяқ жеген.

Ілмектер: өнер, туынды, қателік Агата Кристи

Тәжірибе де қателіктен жаралған,
Даналар да кері ағыстан нәр алған.

Ілмектер: тәжірибе, қателік, дана, нәр Александр Пушкин

Аз қателік жіберген адам ғана ұлы қолбасшы бола алады.

Ілмектер: қателік, қолбасшы Наполеон Бонапарт

Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.

Ілмектер: жастық шақ, қателік, қорқыныш, қорқу Иоганн Вольфганг фон Гёте

Сен дұрыс айтқанда, ешкім оны есте сақтамайды. Ал қателік жасасаң, ешкім ешқашан ұмытпайды.

Ілмектер: қателік, дұрыс Мұхаммед Әли

Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды.

Ілмектер: қателік, өмір, мағына Харуки Мураками

Өміріңізде жол беруіңіз мүмкін ең үлкен қателік – қателік жасаймын деп әрдайым қорқу.

Ілмектер: қателік, қорқу Элберт Хаббард

Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.

Ілмектер: сөз, қателік, іс, нақыл, афоризм Дмитрий Иванович Писарев

Нағыз бір қате – ол өткен қателіктерді түзетпеу.

Ілмектер: қате, қателік, нақыл, афоризм Конфуций

Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады.

Ілмектер: қателік, кешірім, мойындау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Ең үлкен қателік тез берілетіндігімізде. Қалағаныңа қол жеткізу үшін тағы бір көруге болады ғой.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жетістік Томас Эдисон

Қателікті көзге шұқығанша, түзеуге тырысайық.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм Мағжан Жұмабаев

Мен ешқашан жеңілген емеспін. Тек жүзеге аспайтын 10 000 тәсілді байқап көрдім. Біздің ең басты қателігіміз — нәтижесін көрмей жатып, тез беріле салуымызда. Табысқа жетудің ең сенімді жолы — тағы бір рет қайталап көру.

Ілмектер: жеңіс, қателік, табыс Томас Эдисон

Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады.

Ілмектер: қате, қателік, бала, құрметтеу, тәрбие, түзету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Ақылды адам барлық қателікті өзі жасамайды, ол басқаларға қателік жасауға мүмкіндік береді.

Ілмектер: ақыл, адам, қателік, мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Негізінде, ең үлкен қателіктердің басында қашан да тәкаппарлық тұрады.

Ілмектер: қателік, тәкаппарлық, тәкаппар, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ыстық пешке бiр рет отырып қалған мысық, қайтып ыстық пешке отырмайды. Суық пешке де.

Ілмектер: мысық, пеш, қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Қателігіміздің өзі — қателеспеуге тырысуымызда.

Ілмектер: қателік, қате, тырысу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дидахмет Әшімхан