Өлең, жыр, ақындар

Bain

  • Ұпайы: 5659
  • Тіркелген уақыты: 29.03.2015 22:13
  • Соңғы кірген уақыты: 14.03.2019 19:18
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 64

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Асыққанның аяғы етегіне оралады.

Ілмектер: асығу, етек

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Ілмектер: қатын, көп, ит

Түйе көп болса, жүк симас.

Ілмектер: түйе, жүк, симас

Қойшы көп болса, қой арам өлер.

Ілмектер: қой, қойшы

Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.

Ілмектер: шапшаңдық, аптығу

Үй-іші толған жансың,
Бір-біріңе мейман жансың.

Ілмектер: үй, мейман

Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,
Мылжың қонақ мыйыңды жейді.

Ілмектер: сыпайы қонақ, қонақ

Сыйларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.

Ілмектер: ас, тіл

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Ілмектер: қонақ, алтын, алғыс

Итті қонақ жараспас.

Ілмектер: ит, қонақ

Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.

Ілмектер: қонақ, ет, кет

Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.

Ілмектер: қонақ, ет, бет

Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.

Ілмектер: қонақ, ұялу

Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.

Ілмектер: қонақ

От жағылмаған үй — қора,
Кісі келмеген үй — мола.

Ілмектер: үй, кісі, мола, қора

Жолаушыны сусындатпай тұрып,
Бұйымтайын сұрама.

Ілмектер: жолаушы, бұйымтай

Жаман үйдің қонағы билейді.

Ілмектер: қонақ, жаман, үй

Тоқ қонақты сыйлау оңай.

Ілмектер: қонақ, сыйлау, тоқ

Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.

Ілмектер: қонақ, тамақ, шай

Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

Ілмектер: көңіл, үй