Өлең, жыр, ақындар

abaikz

  • Ұпайы: 468
  • Тіркелген уақыты: 08.04.2015 19:32
  • Соңғы кірген уақыты: 26.12.2023 15:22
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 24

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала қаз көлін мақтайды,
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихангер жерін мақтайды.

Ілмектер: мақтау

Түсі игіден түңілме.

Ілмектер: адам

Болар адам — он бесінде бас болар,
Болмас адам — қырық бесінде жас болар.

Ілмектер: адам

Адам болатын жігіт:
Әуелі өз нәпсісін билейді,
Сонан соң ауылын билейді,
Сонан соң аймағын билейді.

Ілмектер: адам, жігіт

Әлсіз адам жағымпаз,
Кербез адам — қырымпаз.

Ілмектер: адам

Адам бір терінің ішінде
Толады да, солады да.

Ілмектер: адам

Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен — ас жоқ.

Ілмектер: адам, нан

Жүректің жолы — ыстық,
Білектің жолы —суық.

Ілмектер: жүрек, адам

Су да ылдиға ағады,
Кішіпейілділік адамға жағады.

Ілмектер: адам, су

Адам — ұйымшыл,
Мал — үйіршіл.

Ілмектер: адам

Көтере алмаған,
Қосып арқалайды.

Ілмектер: адам, кісі

Мал дара тартады,
Адам қара тартады.

Ілмектер: адам

Тәні сұлу сұлу емес,
Жаны сұлу — сұлу.

Ілмектер: сұлу, адам

Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.

Ілмектер: сүю, сұлу, адам

Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.

Ілмектер: адам, кісі

Армансыз адам — алысқа бармас.

Ілмектер: арман, адам

Арман — адамға қанат.

Ілмектер: адам, арман

Әркім қолда барын ұсынады.

Ілмектер: адам, кісі

Көп іздеген адам,
Көмбенің үстінен шығар.

Ілмектер: адам

Талансыз адам — табансыз,
Алымсыз адам —шалымсыз.

Ілмектер: адам