Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер
Бір нəрсені танып қана қою аздық етеді — бұл ретте бір ғана ақылдың ойыны болып қалмақ — ол жүректен өз орнын табуы керек.
Ілмектер: жүрек, ақыл Жорж Батай
Білімсіздік дегеніміз — сағыныш.
Ілмектер: білім, сағыныш Жорж Батай
Білімнің шырқау шыңында қашанда бір жаңалық жетіспей тұрады.
Ілмектер: білім, шың, жаңалық Жорж Батай
Біздің болмысты тоқтатуға деген күш-жігерімізді қарғыс атқан.
Ілмектер: болмыс, күш, жігер Жорж Батай
Соншалықты мақтаныш сезіміне бөлейтін ғылым, жиі қойылып жүрген сұрақтарға берілер жауаптармен қоса алғанның өзінде, ең соңында бізді ештеңеден хабарсыз қалдырады.
Ілмектер: мақтаныш, сезім, ғылым Жорж Батай
Бізге мəңгі өзімізбен-өзіміз болып қалу бұйырмаған.
Ілмектер: мәңгілік Жорж Батай
Біз өзіміздің сөзге сыймай қалатын бөлшегімізді ұстап қалуды ойлаймыз, бірақ тек өзімізге ғана қолымыз жетеді.
Ілмектер: сөз, қол Жорж Батай
Біз — қарым-қатынастарға бойлай енген жандармыз, біз — тұрақты қарым-қатынастардан ғана тұрамыз. Тіпті, мүлдем жалғыз қалған кездің өзінде біз оның жоқтығын жаңа пайда болған көп мүмкіндіктер ретінде сезінеміз.
Ілмектер: қарым-қатынас, жалғыздық Жорж Батай
Ештеңені де тоқтата алмайсың: болмаса уақытша ғана болмаса.
Ілмектер: уақыт Жорж Батай
Күнің келгенде жексұрын болып жер қойнына енесің.
Ілмектер: күн, өлім Жорж Батай
Нағыз ақын өзін қоршаған дүниедегі қорғансыз бала сияқты сезінеді.
Ілмектер: ақын, дүние, бала, сезім Жорж Батай
Шыңға бастар шұбалаң жолдардың да өз шырғалаңдары аз емес.
Ілмектер: шың, жол Жорж Батай
Біз өзіміздің бір бөлшегімізді «лаулаған оттың еркіне» тастауға міндеттіміз.
Ілмектер: от, міндет Жорж Батай
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі