Жаңылтпаштар тіл дамытуға және сөзді анық айтуға көмектеседі. Бұл бетте әртүрлі жаңылтпаштар жинақталған. Оларды қайталап айту арқылы сөйлеу жылдамдығын және анықтықты жақсартуға болады.
Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
Ұлан бұланға құлан құла аңға
Құнан құлан лаң салды, – деді.
Бұл ұңғылар бұрғыланылған ба,
Бұрынғылар бұрғыланылған ба?
Біл, бұл бірыңғай бұлыңғыр ұңғылар
Бұрғыланыңқыралмаған екен.
Інім Қожан тоңазытқыш десем,тозаңытқыш,
Тозаңытқыш десем, тоңазытқыш дейді.
Кеңсеге енсе,
Еңселі кеңсе –
Кең кеңсе өңшең.
– Ақ жайманы
Жаңыл жамылсын ба,
Жаңылсын жамылсын ба?
– Жаңылсын жаңылмасын,
Жаңыл жамылсын.
Бұл ақ лақ бұлақтан келді,
Шұнақ лақ қыраттан келді.
Саттар, қатпар-қатпар қаптарды қаптар,
Баттал, жинап қақтарды қаптар.
Бас аспазшыға ас астырайық па,
Жас аспазшыға ас астырайық па?
Босқа малды араламай,
Бала, бар, ала ғой,
Тұр қорада қарала қой.
Ақтай лақты мақтап па,
Ақ тайлақты мақтап па?
Айша қанша алша алса,
Қайша сонша алша алса екен.
Тұржан бір іске кіріссе,
Гүлжан, Құлжан бұл іске күлісті.
Қамсыздандырылған мал ма,
Қамсыздандырылмаған мал ма?
Толтырып ақ сазанды,
Аспазшы, асты қазанды.
Бал араларға бара алар ма екенбіз,
Балаларға бал ала алар ма екенбіз?
Көп қорқақ торпаққа
Төрт төртбақ торпақ қосылды.
Сары бала
Арбаға мінді.
Арбаға мінген
Сары балаға
«Сарнама!» дедік.
Қара бала
Қарағайды аралайды.
Арасы қарағайды
Аралауға жарамайды.
Атама ұнайтын
Бота ма?
Тайраңдайтын тайлақ па?
Мінгенге жақсы
Інген бе?
Әлде нар ма?
«Нар жолында жүк қалмас»,
Нардан мықты бар ма!
Нұрғали тұрған үй
Тұран жақта.
Тұран
Нұрғали тұрған үй жақта.
Бұлбұл
«Тұлпар болам!» деді.
Тұлпар
«Сұңқар болам!» деді.
Бұлбұл тұлпар болмай,
Бұлбұл болды.
Тұлпар сұңқар болмай,
Дүлдүл болды.
Сары қыз
Қарбыз жеді.
Сары қыз қарбызды
Жалғыз жеді.
Аңғал-саңғал
Шоңқорамыз қаңырап тұр.
Қоңы кетіп, тоңғасын,
Қоңыр қозым маңырап тұр.
Домбай мен Омбай
Дойбы ойнады.
Омбай оңбай ұтылып,
Ойбайлады.
Ойбайлаған Омбайға
Домбай қой-қойлады.
Қаңбақ
Жаңғаққа ұқсамайды.
Жаңғақ
Қаңбаққа ұқсамайды.
Қаңбағың – қаңғалақ,
Жаңғағың – жаңғалақ.
Қаңбағыңда мән жоқ,
Жаңғағыңдай дән жоқ.
«Әжеме керек көзілдірік!»
Деп ойладым өзім біліп.
Көзілдірікке қоса
Қажетті
Газетті әкеп,
Әжемді мәз еттім.
Ат жемейтін
Ащы шөптің
Шыққанынан
Шықпағаны жақсы ма?
Шықпағанынан
Шыққаны жақсы ма?
Үш-төрт бала бір-бірін
Келекеледі біртүрлі.
«Кімге кім күлді?» деп,
Бір-біріне ұмтылды.
Басы піспес баланы
Етеді ме жұрт үлгі?
Аңғарда
Аң бар.
Аңысын аңдып,
Ататын жан бар.
Аңды аямайтын
Браконьерді аңғар.
Қоңсы тұратын Қоңқыштың
Қоңызы да жоқ,
Доңызы да жоқ.
Қоңыр үнді қобызы бар.
Әрі-бері жүретін,
Әбігерленіп үретін
Арлан итім
«Р-р-р» дейді.
Қырық екі әріптің
«Р»-дан басқасын білмейді.
Қанаттың арманын
Қанағаттандыра алмадық.
Қанағаттандыра алмағанымыз сол –
Қалаға аттандыра алмадық.
Мағазды мазалама,
Мағаз қағазға жаза ала ма?
Мағаз қағазға жаза алмағасын,
Қағаз қайық жасаған
Мағазға айып таға алмайсың.
Шарханның
Шақшадай басы шарадай болды.
Шалшыққа аунап,
Қара лай болды.
Үш ұшқыш ұшады,
Үш ұшқыш ұшса,
Үш құс та ұшады.
Ұшқыш ұша ма?
Үш құс ұша ма?
Алатауда аңғарлар бар,
Алатауда заңғарлар бар,
Аңдар заңғарларда ма,
Аңғарларда ма?
Қаршығаның қарашығының қарасынан,
Қарлығаштың қанатының қарасы қара ма?
Әлде қарлығаштың қарашығынан,
Қаршығаның қанаты қара ма?
Мен сенің сөзіңе сенгенім –
Мен сенің өзіңе сенгенім.
Сен менің сөзіме сенгенің –
Сен менің өзіме сенгенің.
Бақа батпақта ма?
Бақбақ батпақта ма?
Бақа бақта ма?
Бақбақ батпақта ма?
Жаңылтпаштар тіл дамытуға, сөзді анық айтуға және сөйлеу машығын жетілдіруге көмектеседі. Бұл бөлімде әртүрлі қазақша жаңылтпаштар жинақталған.
Жаңылтпаш — сөздерді тез әрі анық айтуға үйрететін қысқа мәтін.
Бұл бетте қазақша жаңылтпаштардың үлкен жинағын онлайн оқуға болады.
Жаңылтпаштар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және қазақ тілін үйренушілерге пайдалы.
Иә, бұл бөлімде әртүрлі жаңылтпаштар жинақталған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі