Жаңылтпаштар жинағы – 19-бет

    Ыңғайсызы
    Ыңғайсыз-ақ...
    Амал жоқ
    Тыңдаудай
    Тыңдайсыз-ақ.

    Жеке бетке өту

      Ықыласты-ынталы,
      Ынталы-ықтиярлы.
      Ықтиярлы-ықтиятты,
      Ықтиятты-ықпалды.

      Жеке бетке өту

        Ізденгіш - ізшең.
        Ізшең - ісшең.
        Ізшең - іскер.
        Іскер - ісмер.

        Жеке бетке өту

          Сәмбі тал -
          Иіліп тұрар.

          Жеке бетке өту

            Сұқсыр үйрек
            Ұшқыр үйрек десек те,
            Тұмсығы үшкір үйрек
            Сұқсыр үйректен күйрек пе?

            Жеке бетке өту

              Райхан, раушан реңділес
              Реңдестерім ренжіспес.
              Раушанның райханы,
              Райханның раушаны,
              Рахатта реңсізденбе.

              Жеке бетке өту

                Оюға ою өрнектеп,
                Үйрет өстіп қолды ептеп.

                Жеке бетке өту

                  Оралдан омарташылар оралды,
                  Оралбай аға орманға орналастырды оларды.

                  Жеке бетке өту

                    Лекер лыпыл, лепілдек
                    Лайдан лезде лепілдеп,
                    Лайсаңдағы лездігін
                    Лебіздеді лепіре лекіп.

                    Жеке бетке өту

                      Кітапты
                      Қанапия мен Құныпия,
                      Аса құпия
                      Ара-тұра, шала-пұла оқыды.

                      Жеке бетке өту

                        Күш, күш, күшігім,
                        Қарда жатсаң үсідің.
                        Кір, кір, үйге, күшігім,
                        Ки көкемнің ішігін!

                        Жеке бетке өту

                          Күн күнді көктен.
                          Күткенбіз көптен.
                          Көкүйек көктем,
                          Келіпті көшіп
                          Көгал, көлшімекпен.

                          Жеке бетке өту

                            Көп-көп көк жеп,
                            Келді көжек.

                            Жеке бетке өту

                              Жағада жатыр ек,
                              Жақыпбек жақын кеп,
                              Жаңылды шақырып,
                              Жатыр деп
                              Жомартты нұсқады.

                              Жеке бетке өту

                                Жайлауға бар, мал қайтар,
                                Түйеге: "Әй!" дей сал!
                                Сиырға айқай сал!
                                Жылқыға бар ма айтар?

                                Жеке бетке өту

                                  Жадырамыз
                                  Жайдан-жай жадырамайды.
                                  Жай жағдайы
                                  Жақсарса жайдарыланады.

                                  Жеке бетке өту

                                    Зерек зергер зерделеп,
                                    Зергерлеуші зер зерлеп.
                                    Зерлілер затын зерлеткен
                                    Зергерлік те зерделік.

                                    Жеке бетке өту

                                      Дөңгелек гүрілдеді,
                                      Теміржолдар дірілдеді.
                                      Сәби көзін бір ілмеді,
                                      Үн шығарып «уілдеді».

                                      Жеке бетке өту

                                        Доп,доп, доп екен,
                                        Доп қуғандар көп екен.
                                        Допты тепті Төлеген,
                                        Төлеген тым тебеген.

                                        Жеке бетке өту

                                          Дәмді дәмдер дайындаған Дәмелі,
                                          Досы дәмін дәріптер деп дәмелі.
                                          Дәмін досы «Дұрыс дәмді» демеді.

                                          Жеке бетке өту

                                            Есікпе-есік отырғандар
                                            Есіктерін тесіп-тесіп тастапты...

                                            Жеке бетке өту

                                              Ерен еңбекте,
                                              Екпін есте.
                                              Енжар емес
                                              Еңбектес те.

                                              Жеке бетке өту

                                                Елеусіздің елеуіші елегіш
                                                Елеместің елеуіші елегіш.

                                                Жеке бетке өту

                                                  Екі аяқ сабалайды -
                                                  Доп домалайды.

                                                  Жеке бетке өту

                                                    Дөп-дөңгелек
                                                    Доп дөңгелеп келеді.
                                                    Тепкен бөгеп қарап,
                                                    Аяқ оған керегі.

                                                    Жеке бетке өту

                                                      Әселі ән салады,
                                                      Әжесі тамсанады.
                                                      Әсеті там салады,
                                                      Атасы тамсанады.

                                                      Жеке бетке өту

                                                        Әлді бала - әлдірек,
                                                        Әлсіз бала - тәлтірек.

                                                        Жеке бетке өту

                                                          Абалақ-сабалағы шыққан иттерді абалатпасаңдаршы,
                                                          Абат бақты абалаған иттерге аралатпасаңшы.

                                                          Жеке бетке өту

                                                            Абжыландай арбамасаңшы,
                                                            Абдырамай тал жинасаңшы.

                                                            Жеке бетке өту

                                                              Бұл, бұл — піл,
                                                              Бұл бір ірі піл.

                                                              Жеке бетке өту

                                                                Бұлаң бұлаң еткен бұл аң.
                                                                Бұлаң десем екен қылаң.

                                                                Жеке бетке өту

                                                                  Біреуі көрікті кісі,
                                                                  Біреуі бөрікті кісі.
                                                                  Көрікті кісі – зорықты,
                                                                  Бөрікті кісі – қорықты.

                                                                  Жеке бетке өту

                                                                    Тоқпақ жаттап,
                                                                    Айтсақ жақсы-ақ.
                                                                    Жатка тақпақ
                                                                    Жатта тақ-тақ.

                                                                    Жеке бетке өту

                                                                      Қондық жаңа қонысқа,
                                                                      Қалың екен жоңышқа.
                                                                      Қоныстағы жоңышқа,
                                                                      Оралады қонышқа!

                                                                      Жеке бетке өту

                                                                        Кермеде тұр қырық кір қыстырғыш,
                                                                        Қырық кір қыстырғышқа
                                                                        Қырық қыз келіп, кір қыстырды.

                                                                        Жеке бетке өту

                                                                          Ата мен әже, ана да,
                                                                          Алма мен алмұрт тереді,
                                                                          Ауырға Арман бала да,
                                                                          Арбамен тасып береді.

                                                                          Жеке бетке өту

                                                                            Баланың жаман баға алмағаны,
                                                                            Мұғалім ағаның жаман болмағаны.

                                                                            Жеке бетке өту

                                                                              Қоғанбай қомағай ма?
                                                                              Жоқ, ағай
                                                                              Қоғанбай қомағай емес,
                                                                              Зор ағай.

                                                                              Жеке бетке өту

                                                                                Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
                                                                                Ол несіне.
                                                                                Есі кетіп есінеп отыр екен.

                                                                                Жеке бетке өту

                                                                                  Күз, Кез, Көз,
                                                                                  Күш, Кеш, Көш,
                                                                                  Кір, Кер, Көр,
                                                                                  Күл, Кел, Көл,
                                                                                  Кілең қысқа сөз,
                                                                                  Кім оқиды тез?

                                                                                  Жеке бетке өту