Кенеремен кенерелеп келдің бе,
Кенереден көп ебелек көрдің бе?
Қойым көп пе,
Қозым көп пе?
Қойша төлдер
Ойым көп пе?
Қойым бетте,
Қозым шетте,
Ойым көкте.
Қой мен қозым
Тойды көкке!
Тұрған қара қабақта,
Жабысқан жауыр қара атқа
Сауысқан – ала қанат па?
Алыстан ана ала қанатқа
Тас ат!
Қара атқа жолатпа.
Арқасын қара аттың талатпа
Құлатай, құбатай,
Құлатай мен құбатайды
Құлақтай алмағанның
Ұяты –ай!
Шөжелерім шөптесінде,
Шөптесін де шөп жесін бе,
Шөп жемесе, кет десін бе –
Аулағырақ беттесін де,
Құрт-құмырсқа ет жесін де.
Бала мысықты ана мысық,
Ана мысықты ала күшік.
Ала күшікті қара күшік,
Талаймын деп барады ұшып.
Көк шөп көрікті ме,
Көп шөп көрікті ме,
Көк кер көрікті ме,
Көк көл көбікті ме,
Көк бел келісті ме,
Көп тер жемісті ме?
Көктемеде
Көк пе төбе?
Көк төбеде –
Көп бетеге,
Бетегеге
Көк жете ме?
Анау арал, қай арал?
-Қайыңды арал, талды арал.
Ішінде бұзаулы ала марал.
Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты.
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым,
Жорта қойдым.
-Әй,Тайқарбай, Тайқарбай,
Қойыңды Майқараға жай Тайқарбай!
- Тайқарбай,Майқарбайларың толып жатыр,
Әй,Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай?
-Әй,Тайқарбай,малыңды жадыраға жай Тайқарбай,
-Әй,Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.
Біреуі – көрікті кісі,
Біреуі – бөрікті кісі.
Көрікті кісі зорықты,
Бөрікті кісі қорықты.
Қырық құлып, Қырық құрық.
Құлып та қырық, Құрық та қырық.
Елеусіздік елеуіші елегіш емес,
Елеместің елеуіші елегіш.
Бала бал арасын қуалады,
Бал арасы баланы қуалады.
Көк сеңсеңнен көп сеңсең жоқ сен сенсең,
Соның бәрін жарар еді еңсерсең.
Жорғаң жорға-ақ екен,
Желіске шорқақ екен.
Шабыстан қорқады екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі