Асқаржаным –
Ашқарағым,
Асқа барың
Бастан мәлім.
Ағашты ол бұтарламағасын,
Мен бұтарламадым.
Ағашты мен бұтарламағанда,
Кім бұтарлайды?
Араның тісі қыши ма?
Баланың қолы қыши ма?
Ара тісі қышымаса,
Балаларды шағар ма?
Бала қолы қышымаса,
Ойыншығын шағар ма?
Атпақ ек бiр-бiр құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық бiз құрдан-құр.
Асан әсем билеймiн деп әлек,
Хасен шешен сөйлеймiн деп әлек.
Айланбадан арба айланып барады,
Арбадағылар айбарланып барады.
Арықтың бәрi ғарып емес,
Ғарыптың бәрi арық емес.
Ал Әрiп арық та емес,
Ғарып та емес.
Барып көр, берiп кеңес.
Алты қотыр ақ атанға
Алты қолтық отын арттым.
Арғы арал, бергi арал,
Ол аралдарды жайлаған мал аралар,
Қырдың қызыл түлкiсiн қырағы алар.
Асқат
Жамап-жасқап,
Жасапты ақ сапты аспап.
Ақ сапты аспабы –
Жап-жақсы аспап.
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақты
Мен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,
Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
Алпыс алты ала баспақ бақтым,
Алпыс алты ала баспақтың iшiнде
Тарғыл тарбақ басы ақ баспақ бар.
Атам томағаламаған бүркiттi
Мен томағаламағанда,
Кiм томағалайды?
Атам:
«Балама ат аламын», – дейдi.
Апам:
«Балама ала мата аламын», – дейдi.
Атасы ат ала ма?
Апасы ала мата ала ма?
Сүйініш ауырса бір,
Үй іші абыр-сабыр.
Қылмайтын абыр-сабыр
Одан да тәуір Сабыр.
Балақты қырық түрік түріп-түріп,
Жүгірді қырық түрік
Тұрып-тұрып.
Маймылдың тісі тіс-ақ,
Түсі түс-ақ.
Істеген ісі іс-ақ
Кісі құсап.
Бірақ ұсақ,
Ұсағы ұсақ!
Ара-тұра тал арала,
Тал ішінде талар ара.
Ара-тұра қала арала,
Таппай сені қалар ара.
Баланы қанағаттандыра алмадыңдар —
Қалаға аттандыра алмадыңдар.
Үш қышқа ұшқыш үш құс қонды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі