Әсел әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Әсем билегендерiн де көргемiз жоқ,
Шешен сөйлегендерiн де көргемiз жоқ.
Алты алманы алды Алма,
Алды алманы Алдан да,
Алдан, Алма алды алма
Ал, есебін, алданба.
Ақ доп,
Соқ, теп.
Айыр атанды жүк қартайтар,
Семіз қойды май қартайтар.
Күйгелек менің атамды,
Жас қартайтпас, ой қартайтар.
Ақшамда жаққаның
Көк шам ба?
Ақ шам ба?
Мейлің қайсысын жақсаң да!
Ақ тайлағымды бұйдалайын десем,
Бұйдалай алмадым,
Шудалайын десем,
Шудалай алмадым.
Ара-ара аралар,
Орманның бәрін аралар,
Гүлдерден сорып бал алар,
Алысқа ұшып бара алар,
Бал тәтті ғой, балалар.
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Ақ матадан ақ мақта ақ па?
Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
Арал, арал, арал бар,
Бара алар ма балалар?
Батыл бала бара алар,
Аралдарды аралар.
Ақ лағым семіз,
Ақ ала лағым сегіз,
Ала лағым да семіз,
Ақ лағым да сегіз.
Айдын көлде саңқылдап,
Аққу жүзді таранып.
Ауық-ауық жақындап,
Анадайдан қарадық.
Ақ тайлағым –
нар тайлағым!
Нар тайлағыма:
– Атан боларсың! –
деп айқайладым.
Арғы арал, бергі арал
Ол аралдарды жайлаған
Бал аралар.
Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны,
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.
Ауылым жоннан көшсе,
Сай құлдилар.
– Анау арал қай арал?
– Қайыңды арал, талды арал.
Ішінде бұзаулы ала марал.
Алатауда неше шың бар?
Қаратауда неше шың бар?
Алатауда бір мың шың бар,
Қаратауда бір мың шың бар.
Ағама ат тағалаттырдым,
Жеңгеме жалын тазалаттырдым,
Апама тоқым жаңалаттырдым,
Өзім бәрін қадағалап тұрдым.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі